Түркия билігі Қазақстан азаматтарына екі апта мерзімге елге кіруге тыйым салу туралы шешім қабылдады. Шекараны жабудың себебі біздің елімізде шілденің 5-нен қосымша карантиндік шаралардың енгізілуі болып табылады, деп хабарлайды tengrinews.kz ақпарат ресурсы.
Бұл туралы Қазақстанның Азаматтық авиация комитетінің басшысы Талғат Ластаевтың айтуынша, тыйым салынғанына қарамастан, еліміздің кейбір азаматтары Түркияға кіре алады.
Ластаев атап өткендей, тыйым Түркияда тұруға рұқсаты бар немесе жұмысқа рұқсаты бар азаматтарға қолданылмайды. Сондай-ақ, бұл елге Қазақстаннан Отанына оралатын азаматтар кіре алады.
“Яғни, рейстер тоқтатылмайды, азаматтардың кіруіне шектеу енгізіледі, рейстер санының қысқаруы мүмкін”, – деп атап өтті азаматтық авиация комитетінің басшысы.
Сондай-ақ, Талғат Ластаев Air Astana авиакомпаниясы отандастарымызды үйлеріне қайтару үшін Түркияға бірнеше рейс жасауды жоспарлап отырғанын айтты. Ол авиарейстер ең аз жүктемемен және барлық талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылатынын ерекше атап өтті.
Комитет төрағасы жойылған рейстерге билет сатып алған азаматтарға ақшасы толығымен қайтарылатынын немесе өтемақы бойынша басқа да нұсқалар ұсынатынын айтты.