Бүгінгі күннен бастап республикамызда бірқатар ұйымдардың, сондай-ақ сауда және қызмет көрсету объектілерінің жұмысын тоқтата тұруды көздейтін күшейтілген карантин режимі жұмыс істей бастады. Бұл туралы zakon.kz ақпарат агенттігі жазады.
Карантинге сәйкес Қазақстанда сауда орталықтары, ойын-сауық және көңіл көтеру орындары, сондай-ақ діни және спорт нысандарының жұмысы уақытша тоқтатылады.
Косметикалық және косметологиялық қызмет көрсету нысандарының, сондай-ақ жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың қызметіне тыйым салынады.
Сонымен қатар, 65 жастан асқан азаматтардың және 3 адамнан астам топтардың жүруіне шектеу енгізіледі.
Карантин екі апта мерзімге енгізіледі. Бұл шешімді мемлекеттік комиссия азаматтар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және індеттің таралуының алдын алу мақсатында қабылдады.
Жаңа карантин жөнінде еліміздің ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев бұрынырақ екі апталық карантин кезеңінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері қызмет атқарудың күшейтілген режиміне ауыстырылатынын айтқан болатын.
Бүгінгі күні біздің елімізде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 45719 жағдайы ресми түрде расталды, ал 15556 адам аурудан емделді.