Желіде заңсыз кәсіпкерлік үшін мемлекеттік қызметкерлерге жазаны қатайту ұсынылған заң жобасының тұжырымдамасы жарияланды, деп хабарлайды “ҚазТАГ” ақпараттық жүйесі.
Сөз сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша республикамыздың кейбір заңнамалық актілеріне түзетулер енгізуді көздейтін заң жобасының тұжырымдамасы туралы болып отыр.
Бұл тұжырымдамада мемлекеттік қызметкерлерді заңсыз кәсіпкерлік үшін ұзақ мерзімге түрмеге отырғызу ұсынылады.
“Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті және оларға теңестірілген тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқаны үшін бір жылдан үш жылға дейін, ал жауапты мемлекеттік қызметтегі тұлғаларға қатысты – төрт жылдан бес жылға дейін санкция ұсынылады”, – делінген құжатта.
Түзетулерді әзірлеушілердің айтуынша, мемлекеттік қызметкерлердің кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысуы адал бизнесмендерге теріс әсер етеді, себебі олар мемлекеттік келісімшартты алу үшін бәсекелестік күреске қатысу мүмкіндігінен айырылады.
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметкерлерге шетел банктерінде шот ашуға тыйым салу ұсынылған.