Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов өткен жылы ЕАЭО елдерінен Қазақстан экономикасына инвестиция көлемі өскенін айтты. Инвестиция өсімі, 941,5 млн доллардан 1,2 млрд долларға дейін,31%-ды құрады.
Министрдің айтуынша, Ресейден келген инвестиция ағыны 876,9 млн доллардан $ 1 178,7 млн долларға дейін, 34,4%-ға артты. Инвестициялар ағынының өсуі ЕАЭО-ның басқа елдерінен, Қырғызстаннан төрт есе, Армениядан бес есе артып отыр. Ал Белоруссиядан инвестиция ағыны 11%-ға қысқарды.
Тимур Сүлейменов үш жыл ішінде ресейлік-қазақстандық бірлескен кәсіпорындар саны 63%-ға – 5 649-дан 9 028-ге дейін өскенін атап өтті.
Министрдің пікірінше, Қазақстанның Еуразиялық одаққа қатысуы инвесторлар үшін отандық салалардың тартымдылығын айтарлықтай арттырады,олар өз кезегінде, Қазақстанда өндіріс құра отырып, ЕЭО барлық елдерінің нарығында өз өнімдерін сатуға сенім арта алады.
Сулет: eadaily.com