Сот қазылар алқасының тәртіптік комиссиясы судья Мәлік Кенжалиевтің өкілеттігі тоқтатылып, қалалық сот төрағасы қызметінен босатылды.
Комиссия судья жеке тұлға ретінде Каспий теңізінің жағасында коттедж салу үшін Өзбекстан азаматтарынан жұмыс бригадасын жалдағанын анықтады. Жұмыс үшін Мәлік Кенжалиев оларға 3,6 млн теңге төлеуі тиіс еді. Сот төрағасы жартысын ғана төлеп, қалған 1,8 млн теңгені екі жыл қайтармай келеді.
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінің қызметкерлері, құрылыс отрядының бригадирі Мәлік Кенжалиевке қарыз туралы үнемі есіне салғанын, бірақ ол ақша төлеуден жалтарғанын айтты
Судья бригадирге балағат сөздер айтып, оны түрмеге отырғызамын деп қорқытқан.
«Судья әдебі кодексінің 1-бабына сәйкес, судья өзінің антына адал болуға, этика нормаларын мүлтіксіз сақтауға тиіс. Судья сот билігінің беделін кемітіп, судьяның беделіне нұқсан келтіруі мүмкін кез келген іс-әрекеттерден аулақ болуға тиіс»,-деді облыстық соттың баспасөз қызметінің қызметкерлері.
Маңғыстау облыстық соты төрағасының өкімімен Ақтау қалалық соты төрағасының міндетін уақытша судья Гүлмаржан Әділсұлтани атқарады.
Сулет: informburo.kz