Санкт-Петербургтен келген “Хеликс” зертханалық желісі Қазақстан Республикасының аумағында 3 диагностикалық орталық ашты. Инвестиция көлемі 10 миллион рубльге жетті. Ағымдағы жылдың соңына дейін компанияда экспансияны жалғастыруды, сондай-ақ қазақстандық нарықтың 10 пайызын алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы “Коммерсантъ”ақпарат агенттігі хабарлайды.
Зертханалық диагностиканың алғашқы кеңселері Алматы қаласында ашылды. Осы жылдың соңына дейін ресейлік желі Алматы қаласында және Қазақстанның астанасында франчайзингтік серіктестермен бірге желіні дамыта отырып, тағы да 10-нан кем емес орталық ашуды көздеп отыр.
Қазақстан Республикасындағы “Хеликс” орталықтарында жалпы клиникалық, биохимиялық, бактериологиялық және ПТР-зерттеулерден басқа иммунологиялық, генетикалық зерттеулер және аутоиммундық аурулардың диагностикасы жүргізіледі.
Зерттеулер каталогы 2000-нан астам атаудан тұрады, олар Ресейдің астанасында осы компанияның зертханалық кешені базасында жүзеге асырылады. Диагностикадан басқа, біздің елімізде пациенттерге терапевт, педиатр, гинеколог, кардиолог, эндокринолог, аллерголог сияқты дәрігерлердің кеңестерін ұсынады, сондай-ақ УДЗ және ЭКГ өтуге болады.
Қазақстан нарығында Петербург компаниясы өткен жылдың қыркүйегінен бастап жеке және мемлекеттік медициналық мекемелер үшін зертханалық зерттеулердің провайдері ретінде әрекет ете отырып, b2b-сегментінде өз қызметін бастады.
“Хеликс” 1998 жылы құрылған. Желі активі Мәскеу, Санкт-Петербург және Екатеринбургте шамамен 6000 шаршы метр болатын үш зертханалық кешеннен, сондай-ақ Ресей Федерациясының барлық аумағы бойынша 350-ден астам бөлшек сауда нүктесінен тұрады.
Сурет: vademec.ru