Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев IT-кеңестің отырысын өткізіп,онда ақпараттық технологиялар индустриясын дамыту және қолдау мәселелерін қарастырды. Бұл туралы “Қазақпарат”ақпарат агенттігі хабарлайды.
Отырыс барысында алдағы уақытта шешілуі қажет бірінші кезектегі мәселелер талқыланды, сондай-ақ отырысқа қатысушылар ІТ-саласын жетілдіру туралы өз ойларын ортаға салды. Атап айтқанда, жоғары сынып оқушылары, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері оқи алатын арнайы бағдарламалау мектептерін құру. Сонымен қатар, жаңа жоспарларды іске асыру үшін технопарктерді ашу және стартап-жобаларды іске қосу мәселесі де көтерілді.
Цифрлық өнімдер мен қызметтерді әзірлеушілер мен жеткізушілер болып табылатын әкімдіктің, бизнес-топтар мен бағдарламашылардың күш-жігерін біріктіруге мүмкіндік беретін бірыңғай коммуникациялық алаң құру қажет екендігі айтылды.
Әкімнің айтуынша, перспективалы бағыт ақпараттық саланың экспорттық әлеуеті болып табылады, ол сарапшылардың бағалауы бойынша миллиардтаған доллар. Оны жүзеге асыру үшін ІТ-технологиялар экспортын дамыту жоспарын әзірлеу жоспарлануда.
“Біз пікір алмасып, жақын арада қызмет жоспарын белгіледік. Біздің міндетіміз-Алматы қаласын нағыз сандық қала етіп жасау. Бұл бізге сізсіз болмайды. Барлығы сіздің қолыңызда, ал біз сізге көмектесеміз”, – деді Сағынтаев кеңес қатысушыларына.
Сурет: inform.kz