Шығыс Қазақстан облысының “Ново Ахмирово” полигонында “Түлкі аулау-2019” әскери оқу-жаттығуы басталды.Онда Қазақстан мен Қытайдың арнайы бөлімшелері қатысуда.Бұл туралы қорғаныс ведомствосының баспасөз қызметі хабарлады.
Қорғаныс министрлігінің ақпараты бойынша, екі елдің әскери қызметкерлері шартты заңсыз қарулы құрылымдарды жою бойынша бірлескен операция жүргізеді.
Жалпы әскери іс-шараға екі мыңнан астам әскери қызметші мен екі елдің отызға жуық техникасы жұмылдырылды. Оқу-жаттығу екі кезеңде өтеді, оларды орындауға үш тәулік беріледі.
Оқу іс-шарасы алдын ала дайындалған сценарий бойынша өтеді, оған сәйкес заңсыз қарулы құрылымдар елге еңбек мигранттардың жасыруымен кірді. Арнайы бөлімшелердің басты мақсаты жаудың осы тобын жою болады.
Қорғаныс министрлігінде бірінші кезеңде әскери қызметшілер жиынтық отряд құрып, бірлескен арнайы операцияны орындауға дайындалуы қажет екенін хабарлады.
Оқу-жаттығудың екінші кезеңінің міндеті түнгі уақытта барлау-іздестіру әрекетін жүргізу болады. Осыдан кейін арнайы бөлімше ұшқышсыз ұшатын аппарат көмегімен әуе барлауын ұйымдастырады, ал барлау тобы қарсыласқа тосқауыл жасайды.
Сурет: Inform.kz