Қазақстанның Доминикандағы төтенше және өкілетті елшісі Андриан Елемесов Доминикан Республикасының Президенті Данило Медин Санческе сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында қазақстандық елші екі мемлекет арасындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту үшін бар күш-жігерін жұмсайтынын мәлімдеді.
Өз кезегінде Доминикан Президенті мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау сөзін жолдады және Қазақстан дипломатына дипломатиялық миссиясында табыс тіледі.
Доминикан Республикасының басшысы Санта-Доминго Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, ол екі ел арасында визалық режимді жою туралы жоспарланған келісімге қол қоюдың маңыздылығын атап өтті.
Сурет: Mfa.gov.kz