Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бюро қызметкерлері 2 ақпанда Алматы қаласы Әуезов аудандық сотында жұмыс істеген Андрей Штейнкені ұстады.
“ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро мен ҚР Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік бөлімі жүргізген бірлескен іс-шаралар нәтижесінде 10 000 АҚШ долларын алу кезінде Алматы қаласының Әуезов аудандық № 2 сотының судьясы Андрей Штейнке ұсталды”, – делінген Қазақстан Жоғарғы сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазіргі уақытта тиісті жедел-тергеу шаралары жүргізілуде
Сулет: coolyanews.info