2019 жылдың 13-14 наурызында Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықты дамыту аясында Стамбулда ресми сауда-экономикалық миссиясы өтеді.
Іс-шараны Қазақстанның сыртқы сауда палатасы “Атамекен” ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен, Қазақстан Республикасындағы Түрік Республикасының Елшілігімен, Түркияның Сауда палаталары мен тауар биржалары одағымен (TOBB), Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігімен (TIKA), сондай-ақ Түркияның сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі кеңесімен (DEIK) бірлесіп ұйымдастырады.
Іс – шараның мақсаты – қазақстандық және түрік кәсіпкерлері арасындағы сауда қатынастарын дамыту, сондай-ақ елдер арасында іскерлік байланыстарды орнату.
Сауда-экономикалық миссияға қатысу үшін өнеркәсіптің өңдеуші салаларынан қазақстандық тауар өндірушілер шақырылады. Бұл қазақстандық кәсіпкерлер үшін өз тауарларын таныстыруға, сондай-ақ түрік тарапымен тікелей байланыс орнатуға тамаша мүмкіндік.
Сулет: abctv.kz