Қазақстанның оңтүстік астанасында бірлескен Қазақстан-Ресей демаркациялық комиссиясының кезекті отырысы өтті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметі хабарлайды.
Отырыс барысында Қазақстан-Ресей демаркациялық комиссиясының мүшелері демаркацияның қорытынды құжаттарын дайындап, бекітті.
Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерінде далалық демаркациялық жұмыстардың материалдарын тексерді.
Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша, бірлескен Қазақстан-Ресей демаркациялық комиссиясының келесі отырысы осы жылдың қараша айында Ресейде өтеді.