Қазақстанның мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру Қорының басқарушы директоры Марат Жәнібеков біздің республикада үш әлеуметтік төлем мөлшерін ұлғайту жоспарланып отырғанын айтты.
Оның айтуынша, еңбек ету қабілетінен айырылған, асыраушысынан айырылған немесе жұмысынан айырылған жағдайда жәрдемақы мөлшерін арттыру жоспарланып отыр. Оларды ұлғайту есептеуді жаңа тетіктерін пайдалану жолымен қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік төлемдердің көбеюі туралы айта келе, Жәнібеков еңбек ету қабілетінен айырылу коэффициентін есептеу кезінде әркімге жеке тәсіл қолданылады,ал асыраушысынан айырылған отбасына асырауындағылардың саны ескеріледі.Жұмысынан айырылу төлемдерінің мөлшерін есептеуде, еңбек өтілін есепке ала отыра 6 ай төленетінін түсіндірді.
“Орташа алғанда, барлық үш төлем жалпы 30%-ға өседі деп күтілуде. Өзгерістер 2020 жылдан бастап күшіне енеді. Сонымен қатар, 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек ету қабілетінен айрылу және асыраушысынан айрылу бойынша барлық төлем алушыларға бір жолғы қайта есептеу жүргізіледі”, – деді Марат Жәнібеков.