Ақтөбе әскери-техникалық мектебінің курсанттары Ұлы Отан соғысында қаза тапқан 293 жауынгер жерленген бауырластар зиратының аумағын тазалады, деп хабарлайды zakon.kz жаңалықтар ресурсы.
Әскери-патриоттық тәрбие бөлімінің басшысы Темира Молдагазинаның айтуынша, 2015 жылы Ақтөбе әскери-техникалық мектебі филиалының директоры Мәлік Жездібаев Белгісіз солдатқа ескерткіш, мемориалдық тақта және Қызыл Әскер жауынгерлерінің бауырлас зиратына кіретін мемориалды қамқорлыққа алуды ұсынды.
Сол жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Мәлік Жездібаевтың мәлімдеуінше, курсанттар мемориалдың аумағын ай сайын ретке келтіруде.
Соғыс жылдары Ақтөбеде әскери госпитальдар болды, онда майданнан жараланған Қызыл Әскер жауынгерлері жеткізілді. Алған жарақаттан қайтыс болған солдаттарды бауырластар зиратына жерледі.
40 жылдан кейін жауынгерлердің мәйіттері мемориалға айналған бірыңғай зиратта қайта жерленді. Жеке басы анықталған Қызыл Армия әскерлерінің есімдері ескерткіш тақтада жазылған.
Сурет: mail.kz