Бүгін Министрлер Кабинетінің кеңейтілген отырысы барысында еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төрағасы Айбатыр Жұмағұлов пен “СҚ-Фармация” басшысы Берік Шәріповты жұмыстан босату туралы мәселені қарастыруды тапсырды.
Бұл жөнінде Қазақстан Республикасына танымал саясаттанушы Ерлан Саиров өз пікірін білдірді. Оның пікірінше, Қасым-Жомарт Тоқаев қор мен “СК-Фармация” басшылығын жұмыстан босатуды тапсырып, дұрыс шешім жасады.
Сонымен қатар, ол салғырттығы адам өліміне әкеп соқтырған лауазымды тұлғаларға қатысты қатаң шаралар қолдану қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ, саясаттанушы коронавирус індетіне қарсы күрес мәселелерімен айналысатын үкіметтік комиссияның құрамына азаматтық қоғам өкілдері мен сарапшыларды қосу қажет деп санайды.
“Біз, жұқалап айтқанда, кәсіби шенеуніктер тиімді жұмыс істемейтінін көрдік. Қызметке халық ортасынан шыққан жастарды шақыратын кез келді. Егер қолынан келмесе, өздері кетеді. Мүмкін, басқару саласында жаңа таланттарды табамыз. Олар тым болмаса халықтың ақшасын үнемдейді”, – деді ол.
Сурет: newstimes.ru