Факты истории

Тоқаев Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысын қабылдады

Қазақстан Президенті түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреевті қабылдады, деп «ҚазАқпарат» ХАА Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа Кеңес қызметінің негізгі бағыттары және оны одан әрі дамыту перспективалары туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, Бағдад Әміреев Мемлекет басшысына Ұйымның алдағы жоғары деңгейдегі іс-шараларына дайындығы, түркі кеңесінің мәртебесін толыққанды халықаралық ұйымға дейін көтеру жөніндегі жұмысы, сондай-ақ ТМЫК қызметінің экономикалық және инвестициялық бағыттары туралы хабарлады. Президент кеңестің түркі мемлекеттері арасындағы интеграцияны нығайту ісіндегі күш-жігерін оң бағалап, оның қызметінің экономикалық блогын күшейтуге назар аударды. Атап айтқанда, түркі инвестициялық қорын құрудың маңыздылығын атап өтті, оның қызметі ТМЫК-ға кіретін елдердің шағын және орта бизнесі арасындағы кооперацияны дамытуға ықпал ететін болады.

Ещё в ленте

Все новости