ЮНЕСКО-да Қорқыт ата мұрасы мен қазақтың жылқы өсіруге байланысты көктемгі салт-дәстүрлері адамзаттың материалдық емес мәдени игілігі деп танылды.
Қорқыт Ата – IX ғасырда Сырдария өзенінің бойында өмір сүрген, аты аңызға айналған түркі ақын-әншісі және композиторы. Музыкалық қобыз аспабын жасаушы. Ақын, жыршы, ақындар мен музыканттардың қамқоршысы. Қорқыт туралы аңыздар түркі халықтарының қыпшақ тармағында (қазақтар, қарақалпақтар), әсіресе, оңтүстік оғыз тармағында: түркімен, әзірбайжан мен түріктердің арасында кездеседі. Негізінде,олардың барлығында “Оғыз-наме” атты халықтық эпосы бар.
Шешім Маврикий аралындағы ұйымның отырысында қабылданды. Сондай-ақ тізімге регги музыкалық жанры, ирландиялық шөп үстіндегі хоккей түрі херлинг және грузиялық жекпе-жектің “ежелгі түрі” Чида-оба енгізілді.
Бұл ЮНЕСКО-ның 13-ші сессиясы болды. Оған 200-ден астам елдің өкілдері қатысада. Бүгінгі күні ұйымның “материалдық емес” тізімінде 117 мемлекеттен 491 мәдени құбылыс ұсынылған.
Сулет: iqap.kz