“Астана ЭКСПО-2017” ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевпен қатысты пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қайта қаралмайды, деп хабарлайды zakon.kz жаңалықтар ресурсы.
2016 жылы сот шешімімен Талғат Ермегияев 780 миллион теңге пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Мұндай әрекеті үшін ол қатаң режимдегі түзеу мекемесінде 14 жыл бас бостандығынан айыруды жазасына тартылды.
Қазақстандық ұлттық компанияның экс-басшысының адвокаты Алла Котлова өз кезегінде Талғат Ермегияев кінәлі емес деп санайды және оның ісін қайта қарауды сұрайды.
Алайда кеше, 28 мамырда Жоғарғы Сот қылмыстық істі қайта қараудан бас тартты, оның себебі Ермегияевтің кінәсі толық дәлелденді.
“Қылмыстық істі тергеу және сотта істі қарау кезінде сот актілерінің күшін жоюға немесе өзгертуге әкеп соғатын материалдық, сондай – ақ іс жүргізу құқығының нормаларын елеулі түрде бұзуға жол берілген жоқ”, – деді Қазақстан Жоғарғы Сотында.
Сонымен бірге, 2018 жылы Талғат Ермегияевтің камерасы тексерілді, нәтижесінде қатаң режимдегі колонияның басшылығы ұлттық компанияның бұрынғы басшысына жазасын өтеуге қолайлы жағдай жасағандығы белгілі болды.
Нəтижесінде осы колонияның бастығы Нұрлан Әбен мен оның орынбасары Талғат Мұсаев Ермегияевке қамқорлық жасағаны үшін 3 және 2 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сурет: azh.kz