Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
“Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін және киіктерді қорғау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында Қарағанды облысы Нұра ауданының аумағындағы “Охотзоопром”ӨБ” РМҚК Қарағанды тірек пунктінің инспекторлары Жанбөбек ауылынан 30 шақырым жерде “Тойота-Ленд-Крузер-100” және “Тойота-Ленд-Крузер – 80″ маркалы сынған автокөліктерді көрді”, – деп атап өтті Дилдахмет.
Полицейлер мен қорықшы автомашиналардың ізімен жүріп өтіп, атылған 18 киікті тапты. Қазақстанда киіктерді аулауға қатаң тыйым салынған.
“Инспекторлар жасырынғандарды ұстау бойынша іздестіру шараларын ұйымдастырды, нәтижесінде, Шұбаркөл ауылдық округінің участкелік инспекторының ақпараты бойынша, инспекторлар Ұлытау ауданының Алғабас ауылына шығып, Ұлытау АІІБ капитаны, учаскелік полиция инспекторы үйінің сарайында … атылған 12 киік табылды”, – делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта “Заңсыз аң аулау” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Погонды браконьерлер қызметтен босатылады, 5000 АЕК көлемінде айыппұл төлейді, түзеу жұмыстары немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырады.
Сулет: abctv.kz