Өткен жылы әлемнің барлық дерлік елдері, Қазақстан сияқты, коронавирус індетіне тап болды. Оған байланысты көктемде бізде төтенше жағдай енгізілді. Мамыр айында ол тоқтатылды, бірақ режим кезінде қолданылатын көптеген шаралар, мысалы, қашықтан жұмыс және қашықтықтан оқыту қалды. Мұндай шараларды енгізу тектен-теккк өтпейді. Шетелдік сарапшылардың зерттеулері індеттің әсері азаматтардың, әсіресе жастардың психикасына және әл-ауқатына әсер ететіндігін көрсетеді. Оқшаулану, әдеттегі күнделікті өмір салты мен тұрақтылықты жоғалту, болашаққа деген сенімділіктің болмауы балалар мен жасөспірімдердің депрессиялық көңіл-күй, алаңдаушылық пен қорқыныштың жоғарылауына әкеледі, яғни суицид қаупі артады. Бас прокуратураның ақпараты бойынша, өткен жылдың 11 айында 18 жасқа толмаған қазақстандықтар арасында 125 суицид және 261 әрекет тіркелген.
2015 жылы Үкімет оқушылар арасында суицидтің алдын алу бағдарламасын іске қосуға тырысты. Пилоттық жоба Қызылорда облысында басталды. Бағдарламада жалпы білім беретін мектептерде ақпараттық, білім беру және алдын алу шаралары қарастырылған. Олар суицидке бейімді балаларды ерте анықтау немесе психикалық проблемалары бар балаларды ерте анықтауға және осындай проблемалары бар балаларды қалай жеңуге болатындығын білуге бағытталды. Бұл бағдарлама оқытушыларға, әлеуметтік қызметкерлерге, дәрігерлерге және балалармен қарым-қатынас жасайтын басқа мамандарға арналған түрлі ақпараттық науқандарды, тақырыптық семинарлар мен арнайы тренингтерді қамтыды. Пилоттық жоба шеңберінде көп үміт күттірген нәтижелер алынды, сондықтан оны басқа өңірлерде енгізу туралы шешім қабылданды, бірақ оны бүкіл республикада енгізген жоқ.
ЮНИСЕФ халықаралық ұйымының сарапшылары 2018 жылы Қазақстандағы жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсау жағдайларын талдады. Олардың айтуынша, бүкіл әлемдегі сияқты, біздің елімізде де балалардың өз-өзіне қол жұмсау қаупін арттыратын факторлар бар. Бұл жалғыздық пен қабылданбауы, туыстарымен қақтығыстар, үй жағдайының тұрақсыздығы, белгісіздік, болашаққа деген қорқыныш және т.б. көбінесе оның себебі қаржылық қиыншылықта, экономикалық және әлеуметтік теңсіздікте, сапалы білім немесе денсаулық сақтау қол жетімсіздігінде. Мұның бәрі қоғамда болып жатқан процестердегі терең әлеуметтік-экономикалық проблемаларды көрсетеді.
Әрине, қашықтықтан оқыту мен оқшаулауға байланысты жағдайды есептен шығаруға болмайды. Төтенше жағдай енгізілгеннен кейін, балалар мерзімінен бұрын демалысқа шықты. Өткен жылдың сәуір айынан бастап мектептер қашықтықтан оқыту режиміне көшті, ол 2019-2020 оқу жылының соңғы тоқсанында ол жалғасты, ал кейбір мектептер қазір де солай жұмыс істеуде. Бұл уақытта көптеген балалар достарын қатты сағынды, өйткені әлеуметтік желілер арқылы қарым-қатынас әдеттегі қарым-қатынастан өзгеше. Олар көбінесе ата-аналары естип қалады деп қорқып, өз мәселелерін талқылай алмады. Яғни, қашықтықтан оқытудың негізгі әлсіз тұсы – өзін-өзі оқшаулау нәтижесінде пайда болатын стресс, бұл депрессия мен физикалық шаршауды тудырады. Сондай-ақ, қашықтықтан оқыту кезінде ата-аналар мен балалар арасындағы тұлғааралық қақтығыстардың саны артты. Кейбір отбасылар жұмыссыздық пен қаржылық проблемаларға тап болды, бұл да отбасылық қатынастарға әсер етті. Кейде ата-аналардың балалармен жанжалдары баланы қатыгездікке душар етті, ал бұл суицид қаупінің негізгі факторларының бірі.
Жастар арасындағы суицид қаупін азайту үшін бізге не қажет? Ең алдымен, ата-аналарға қауіп факторлары және тиімді шаралар мен стратегиялар туралы ақпарат беру қажет. Мысалы, баламен сенімді қарым-қатынас орнату үшін оларды депрессияны көрсететін мінез-құлықты тануға үйретуге болады. Сондай-ақ қашықтықтан оқыту кезінде мектептер жасөспірімдерге онлайн-режимде кәсіби психологиялық көмек беруге мүмкіндік болуы тиіс. Осылайша, күйзелу себебі отбасы жағдайна байланысты көмекке мұқтаж балаларды уақтылы анықтауға болады.
Сонымен қатар, алдын алу үшін суицидқа жақын балалармен жұмыс істеуде дұрыс стратегиялар көмектеседі, олар күйзелісті босаңдатады. Сондай-ақ, балалармен тұлғааралық қатынастарды талқылауға болатын пікірталастар, тренингтер ұйымдастыру қажет. Мысалы, жедел желілер туралы ақпаратты қамтитын ақпараттық пакеттер мен брошюралар көмектеседі.
Дегенмен, мәселені тек психологтармен талқылау арқылы шешу мүмкін емес, өйткені бұл экономиканың шикізат моделінің дағдарысына байланысты өмір сүру деңгейінің төмендеуімен тікелей байланысты. Жағдайды көптеген жастар мектеп мен жоғары оқу орындарының бітіргеннен кейін, ешбір болашағы жоқ екенін, соның ішінде тұрақты жұмыс іздеуде, оны табуда, отбасыларда азық-түлік, киім-кешек сатып алуға қаражаттың жоқтығы, суицид мәселесін азайтпайды, оны өсіреді. Әлеуметтік-экономикалық салада түбегейлі өзгеріс болмай, еліміз жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауы бойынша бірінші орыннан түспейді.
Ажар Ибраева, саяси шолушы, арнайы “Эхо Казахстана” үшін