Кезекті ротация аясында Арыс қаласына оқ-дәрінің жарылмаған фрагменттерін іздеу және жою бойынша жұмысты жалғастыратын Қазақстан десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің инженерлік-саперлік полкінің жүзден астам әскери қызметшісі келді, деп хабарлайды zakon.kz. ақпарат ресурсы.
Қазір Арыс маңында төтенше жағдайдың салдарын жою жөніндегі еркін жасақ профилактикалық тексеру жүргізуде. Әскери қызметшілер қойманың ішін де снарядтардың қалған бөліктерінен тазартумен айналысып жатыр.
Арыс қаласы мен қала маңында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы инженерлік-саперлік полк батальоны командирінің орынбасары подполковник Үміт Иминов пікір білдірді.
Оның айтуынша, қазақстандық саперлер төтенше жағдайдың алғашқы күнінен бастап апат салдарын жоюға қатысуда. Әскери қызметкерлердің міндеті – снарядтарды іздеу, табу, сұрыптау, тазалау және және одан әрі жою үшін шығарып, арнайы машиналарға тиеу кіреді.
Саперлер мен жиынтық жасақтың басқа да мамандары ай сайын ауыстырылады. Төтенше жағдайдың алғашқы күнінен бастап оның салдарын жоюға Десанттық-шабуылдау әскерлерінің үш жүзден астам әскери қызметшісі қатысты.
Арыс маңындағы әскери бөлім қоймасында өткен жылдың 24 маусымында жарылыс болды. Оқиға салдарынан үш адам, оның ішінде екі әскери қызметші қаза тапты.
Сурет: zakon.kz