Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ, Жапония мен Ресей аумақтық мәселені шешіп, екі мемлекет басшылары арасында құрылған сенім негізінде, бейбіт келісім-шарт жасайды деп үміттенеді, деп хабарлайды ТАСС.
“Сенім негізінде (президент Владимир Путинмен) біз аумақтық мәселені шешеміз және бейбіт келісім – шарт жасасамыз”, – деп атап өтті сәрсенбі күні РФ президенті Владимир Путинмен келіссөздер қорытындысы бойынша.
Абэ сондай-ақ, олардың Ресей президентімен тек аудармашылардың қатысуымен “бейбіт келісім мәселесі бойынша” мазмұнды пікірталас өткізгенін атап өтті. Жапон үкіметінің басшысы “президент Путинмен бірге нүкте қоюға” дайын екенін білдірді.
Жапония Премьер-Министрі 2019 жылдың басында Ресейге баруды жоспарлап отырғанын айтты.
“Келесі жылы президент [Владимир] Путинді G20 саммитінде [28-29 маусым аралығында Осака қаласында] кездестіремін, ал бұған дейін, жылдың басында мен Ресейге барамын, онда бізде жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді”, – деді Абэ.