Жамбыл облысының шекарашылары мемлекет аумағына заңсыз кірмек болған Ауғанстанның он екі азаматын ұстады. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше Жамбыл облысы шекара қызметінің департаменті Ауғанстан азаматтарын ұстады. Олар ұшқышсыз ұшу аппараты Қазақстан шекарасының учаскесін ұшып шыққан кезде байқалды.
Ұсталған Ауғанстан тұрғындары Қазақстан мен Қырғызстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтуге тырысты.
Осы факті бойынша Қазақстан тарапы сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Сурет: informburo.kz