ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 15 ақпанға дейін жалпы талқылауда болатын жаңа заң жобасын ұсынды. Tengrinews.kz жаңалықтар ресурсы хабарлайды.
Бүгінгі таңда қызметтік немесе коммерциялық құпияны, сондай-ақ мемлекеттік құпияны ашқан азаматтар қылмыстық жазаға тартылуда. Жаңа түзетулер бойынша бұл сыбайлас жемқорлық фактіні ашу үшін жасалған болса, осындай ақпаратты жария еткендерден жауапкершілікті алып тастауды ұсынады.
“Агенттік үшін сақтандырылған автокөлік иелері және автомобильдерді сенімхат бойынша қолданып жүрген тұлғалар туралы мәліметтер, сондай-ақ автомобильдің техқұжатында сақтандыру сомасы жария етілмеген мәліметтер қызығушылық тудырады. Қазіргі уақытта Қазақстанның уәкілетті органында Қазақстан азаматтарының тіркелмеген көліктерді жүргізу жағдайлары жиілеп кетті, бұл автомобильдерді сәйкестендіруге және олардың кімге тиесілі екенін анықтауға кедергі келтіреді”, – деп атап өтті ведомствода.
Осының салдарынан ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сақтандыру құпиясы бар ақпаратты білу мүмкіндігіне болуы тиіс. Бұл бастама 2012 жылдан бері қаралып келеді.
“Пара туралы уағдаластықты аяқталған қылмыс деп тану, оның алдын алуға айқын ықпал етеді, бұл мемлекетке залал келтіргенге дейін парақорлықтың жолын кесуге мүмкіндік береді. Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, Қылмыстық кодекстің парақорлық баптарының диспозициясындағы қосымша белгілер ретінде “параға уәде беру/ұсыну” және “параға уәде беру/ұсыныс қабылдау” қарастырылған”, – делінген жобада.
Сонымен қатар, кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысу бойынша қатаң жазалау шаралары жоспарланған. Бұған дейін шенеунікке заңсыз бизнес құрғаны немесе оны жалған тұлға арқылы бақылағаны үшін 1000 АЕК айыппұл, 400 сағаттық түзеу жұмыстары немесе бір жылға шектеу, немесе бас бостандығынан айыру жазасы қолданды. Ұсынылған жобада дәл осындай қылмыстар үшін шенеунікке 3000 АЕК айыппұл салынады, 800 сағаттық түзету жұмыстары, 3 жылға шектеу немесе бас бостандығынан айырылу қаупі төнеді.
Сурет: vkocontrol.gov.kz