Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков еліміздің Қауіпсіздік Кеңесінің жаңа хатшысын тағайындады. Ол Кенешбек Дүйшебаев болды.
Дүйшебаев кадр милиционері, милиция генерал-лейтенанты болып табылады. 2010 жылғы сәуір оқиғаларынан кейін силовиктерді үйлестіріп, елдің уақытша үкіметінде ішкі істер министрі және вице-премьер міндеттерін атқарды. Содан кейін Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы болып тағайындалды, ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
Қауіпсіздік Кеңесінің бұрынғы хатшысы Дамир Сағынбаев 6 қазандағы оқиғадан кейін қызметінен босатылды.
Бұған дейін Жээнбеков Қырғызстандағы парламенттік сайлаудан кейін ғана отставкаға кететінін мәлімдеді.
Сурет: tengrinews.kz