Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Саясат

Тоғжанов балалы отбасылар үшін қарастырылған жәрдемақылар туралы айтты

5 года назад
Тугжанов рассказал о пособиях, предусмотренных для семей с детьми

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов балалы отбасылар үшін қарастырылған жәрдемақылар туралы айтты, деп «ҚазАқпарат»ХАА хабарлайды.

«Балалы отбасыларды әлеуметтік қолдаудың ұлттық моделі балалы отбасыларды қолдауға бағытталған мемлекеттік жәрдемақылар мен қызметтер кешенін, сондай-ақ бала тууды ынталандыру және көп балалы отбасыларды қолдау жүйесін қамтиды. Мәселен, соңғы 10 жылда балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы алушылардың саны 528,6 мың адамға артты (2011 жылы – 1 358 551 адам, 2020 жылы – 1 887 179 адам), мемлекеттік қаражат сомасы 4 есеге жуық өсті (2011 жылы – 160,9 млрд.теңге, 2020 жылы – 635,3 млрд. теңге). Бұл ретте, статистикалық деректерге сәйкес, 2011 жылдан бастап туылған балалардың саны 14,2% – ға өсті (2011 жылы – 372 690 бала, 2020 жылы — 425 625 бала)», — деп жазды Ералы Тоғжанов депутаттық сауалға берген жауабында. Республикалық бюджет есебінен отбасыларды әлеуметтік қолдау мынадай жәрдемақылар төлеу арқылы жүзеге асырылады: бала туғанда – бала туған барлық отбасылар үшін (бірінші, екінші, үшінші бала туғанда берілетін жәрдемақы мөлшері 38 АЕК немесе 110 846 теңгені, төртінші және одан көп балаға 63 АЕК немесе 183 771 теңгені құрайды), 2020 жылы 430,7 мың отбасы үшін 52,3 млрд теңге төленді. бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша – жұмыс істемейтін әйелдер үшін (отбасындағы балалар санына байланысты сараланған мөлшерде, бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 16 802 теңге, екінші балаға — 6,81 АЕК немесе 19 865 теңге, үшінші балаға — 7,85 АЕК немесе 22 899 теңге, төртінші және одан көп балаға — 8,9 АЕК немесе 25 962 теңге). 2020 жылы 120,9 мың отбасы үшін 31,7 млрд.теңге төленді. Сондай-ақ жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктілігі және босануы бойынша біржолғы әлеуметтік төлем көзделген, оның мөлшері әйелдің соңғы 12 айдағы орташа айлық табысына байланысты (2020 жылы төлемнің орташа мөлшері 498,7 мың теңгені құрады, оны 96,4 мың адам жалпы сомасы 203,2 млрд теңге алды); бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем соңғы екі жылдағы орташа айлық табыстың 40% мөлшерінде (2020 жылы төлемнің орташа мөлшері 32 055 теңгені құрады, оны алушылар 106,4 млрд теңге). «Бұдан басқа, 2014 жылдан бастап бір жасқа толғанға дейін бала күтімімен айналысатын әйелдерге орташа айлық табыстың 10% мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау енгізілді (2020 жылы республикалық бюджеттен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі –МӘСҚ) бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді 87 275 алушының жеке зейнетақы шоттарына 5,7 млрд теңге аударылды)», — деп атап өтті Премьер-Министрдің орынбасары. Бұдан басқа, көп балалы аналар мен көп балалы отбасылардың мәртебесі мен беделін арттыру мақсатында отбасының табысына қарамастан төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар («Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға 18 669 теңге (6,4 АЕК) мөлшерінде мемлекеттік жәрдемақы, 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға отбасындағы балалар санына ( 4 баласы бар 16,03 АЕК-46 760 теңге, 5 баласы бар отбасылар үшін-20,04 АЕК – 58 457 теңге, 6 баласы бар отбасылар үшін — 24,05 АЕК – 70 154 теңге, 7 баласы бар отбасылар үшін – 28,06 АЕК – 81 852 теңге, 8 және одан да көп балалары бар отбасылар үшін – әр балаға 4 АЕК-тен). 2020 жылы жиынтық сомасы 285,3 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ табысы төмен отбасыларға (отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% — ынан төмен) атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады.

Аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет ұсынылады (мектеп жасындағы балалар үшін — оқу орны бойынша тегін тамақтану, қалалық қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру, мектеп формасымен және керек — жарақтармен қамтамасыз ету, мектеп жасына дейінгі балалар үшін-балаларға арналған азық-түлік жиынтықтарымен және тұрмыстық химия тауарларымен қамтамасыз ету). 2020 жылы АӘК 184,7 мың отбасына тағайындалды, оның ішінде жалпы сомасы 75,3 млрд теңге болатын 936,2 мың алушы бар.

Новости СМИ2
Алдыңғы

Қазақстанда спутниктік интернетті осы жылдың соңына дейін іске қосуға уәде берді

Келесі

Қазақстанда осы жылға ӘМСҚ активтерінен сыйақының шекті мөлшерлемесі белгіленді

Ұсынамыз Пост

Бекшин қашықтан жұмыс режиміне көшуді ең тиімді шара деп атады
Саясат

Түркістан басшысы әкімдіктің бұрынғы ғимаратына қатысты шуға пікір білдірді/

20/05/2021 15:33

Аукцион арқылы сатылып кеткен әкімдік ғимаратына қатысты Түркістан қаласының әкімі INSTAGRAM парақшасындағы тікелей эфир кезінде мәлімдеме жасады деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі. Рашид Аюповтың мәліметінше, қалада қонақүйлерді көбейту мәселесі бұған дейін туындаған. Қалаға келетін туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қонақ...

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды

20/05/2021 12:33

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөз жүргізді деп хабарлайды Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын форматтағы кездесуден кейін екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді. Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту,...

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты
Саясат

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты

12/05/2021 18:33

Алматы облысының Талғар аудандық соты бұрынғы шенеуніктер мен риэлторға Bek Air ұшағы апат болған Алматы әуежайының жанынан жерді заңсыз бөліп беру ісі бойынша үкім шығарды. Бұрынғы үш шенеунікке 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Қалғандары 2,5 жылдан 4 жылға...

Еліміздің Президенті бірқатар заңдарға қол қойды
Саясат

Тоқаев Жапония премьер-министрімен телефон арқылы маңызды мәселе талқылады

12/05/2021 14:30

Қазақстан президенті Жапонияның премьер-министрі Ёшихидэ Сугамен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел басшыларының бірінші рет сөйлесіп отырғанын ескеріп, Қасым-Жомарт Тоқаев Ёшихидэ Суганы Жапония премьер-министрі болып сайлануымен құттықтап, оның аса жауапты қызметіне толағай табыс тіледі деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы Токиода өтетін...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.