Қазақстанда спутниктік интернетті 2021 жылдың соңына дейін іске қосу жоспарлануда, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.
“Қазіргі уақытта ғарышқа 110 спутник ұшырылды. 2021-2022 жылдары Байқоңыр ғарыш айлағынан сегізден астам ұшыруды жүзеге асыру жоспарлануда. One Web ғаламдық спутниктік желісі 1200 км биіктіктегі 18 орбиталық жазықтықтағы 648 спутниктен тұрады, спутниктік желіні толық пайдалануға беру және ҚР аумағына қызмет көрсету 2021 жылдың соңында күтіледі”, — деді Сунил Миттал компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Премьер-министр Асқар Маминмен кездесуде.
Министрлер кабинетінде мәлімдегендей, Тараптар Қазақстан аумағын, оның ішінде шалғай және қатынасу қиын аудандарды байланыс спутниктері арқылы жоғары жылдамдықты кең жолақты интернетпен жаппай қамту жөніндегі жобаны іске асыру перспективаларын талқылады. Нұр-Сұлтандағы Ұлттық ғарыш орталығының жанындағы Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің базасында One Web спутниктері үшін жиынтықтауыштарды құрастыру жөніндегі жобаны іске асыру барысы, сондай-ақ Орталық Азия елдеріне кейіннен One Web спутниктік интернетін эксклюзивті дистрибуциялау үшін Қазақстан аумағында шлюз станциясын орналастыру бойынша бірлескен кәсіпорын құру мәселесі қаралды.