Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter әлеуметтік желісіндегі ресми парағында Щучье-Бурабай курорттық аймағында ағаштардың кесілуіне наразы болды.
«Щучье-Бурабай курорттық аймағында ағаштардың кесілуі туралы «Казахстанская правда» жазады. Ұлттық байлықты жою су құбыры трассасын салу сылтауымен жүргізілді. Үкімет пен әкімдік шұғыл шаралар қабылдауы керек», – деп жазды президент.
Су құбырларын төсеу үшін жұмысшылар бір километрден астам ағаштарды кесіп, зақымдаған.
Заңсыз ағаш кесу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта келтірілген шығын сомасы анықталуда.
Сурет:Newtimes. kz