Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Виктор Малиновты Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі етіп тағайындады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
“Мемлекет басшысының жарлығымен Виктор Александрович Малиновский Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды”, – деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Виктор Малиновский 1956 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ол Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және Мәскеу мемлекеттік университетінің мемлекеттік құқық және кеңестік құрылыс кафедрасын бітірген.
Естеріңізге сала кетейік, Виктор Малиновский 2007 жылдан бастап Қазақстанның Конституциялық Кеңесінің мүшесі болған, бірақ 2013 жылы қайта тағайындалды.