Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годуновамен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан президентінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Наталья Годунова Қасым-Жомарт Тоқаевқа есеп комитетінің қызметі туралы есеп берді, сондай-ақ ағымдағы тексерулердің алдын ала қорытындыларын хабарлады.
Өз кезегінде Қазақстан Президенті мемлекеттік органдарға жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге мұқият қарау қажеттігін мәлімдеді.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бюджеттік заңнама мен экономикалық жоспарлауды жетілдіруді, сондай-ақ қаржылық бұзушылықтар үшін жауапкершілік жүйесін күшейтуді тапсырды.
Сурет: Nur.kz