“Арселор Миттал Теміртау” компаниясы басшылығы металлургиялық комбинатта болған апатқа не себеп болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Мамандар газ құбырлары гидродинамикалық қысымға шыдамай қираған дейді. Апат салдарынан өндірістегі 5 адам түрлі жарақат алған.
Комбинат жақтан шыққан қатты соққыны Теміртаулықтардың бәрі сезген. Салдарынан құбыр бөлшектері мен түрлі темір терсектер тіпті өндіріс орнының сыртына дейін шашылыпты. Құбырдағы газ уақтылы жабылғанымен, қираған жердегі қалдық газ тұтанып та үлгерген. Отты жабылып жүріп, арыға барғызбай өшірген. Қазір комбинат аз қарқындағы өндіріске көшті. Қалыпқа келтіру жұмыстары кемі 3 аптаға созылмақ. Апттың нақты себептерін арнайы комиссия 10 күннен соң айтамыз деп отыр.
Вадим Басин “Арселор Миттал Теміртау” АҚ атқарушы директоры:
– Жарылыс болды деген ақпаратты растай алмаймыз. Гидродинамикалық соққы деп отырмыз. Ол жерде газ құбырлары көп. 5, 10 және 15 жылдан бері қолданыстағылары бар. Оның қайсысы сыр бергені тек тексерістен кейін анықталады.
Дерек көзі: КТК, Хабар 24