Нұрсұлтан Назарбаев Еурокомиссияның бұрынғы төрағасы Жозе Мануэль Баррозумен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz, ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.
Мемлекет басшысы Жозе Мануэл Баррозға Астана клубының алдағы отырысына қатысқаны үшін алғыс білдірді.
Нұрсұлтан Назарбаев Еурокомиссияның бұрынғы төрағасының Қазақстан мен Еуропалық одақтың қарым-қатынастарын нығайту ісіне қосқан үлесін атап өтті.
“Мен біздің жаңа кездесуге өте қуаныштымын. Сіздер Қазақстанды әрдайым қолдап отырсыздар, соның арқасында біздің еліміздің Еуропалық одақпен серіктестік туралы келісімге қол қойылды. Бүгінгі таңда бұл құжат ратификациялау процесі өтуде”, – деді Қазақстан Президенті.
Өз кезегінде Жозе Мануэль Баррозу, Мемлекет басшысына Астана клубының жұмысына қатысуға шақырғаны үшін алғысын білдірді.
“Мен үшін сізбен кездесу үлкен құрмет. Мен сіздің Брюссельдегі Тарихи сапарыңыз есімде, оның барысында Қазақстан мен Еуропалық Одақтың ынтымақтастығын жолға қою жөнінде тарихи шешімдер қабылданды. Мен бүгін де Қазақстан өз тұрақтылығын сақтап, өңірде маңызды рөл атқаратынын көргеніме қуаныштымын”, – деді Еурокомиссияның экс-төрағасы.