Өскеменге Татарстаннан дәрігерлер келді, олар қазақстандық мамандармен коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу тәжірибесімен бөліседі, деп хабарлайды “ҚазАқпарат” жаңалықтар ресурсы.
12 ресейлік медицина қызметкерлерінен тұратын топты Татарстанның республикалық клиникалық ауруханасының бас дәрігерінің медициналық бөлім жөніндегі бірінші орынбасары Марсель Миннулин басқарады.
Ол Татарстан мамандары Шығыс Қазақстан облысындағы әріптестерімен тәжірибе бөлісе отыра, коронавирустық инфекция індетіне қарсы күресте көмек көрсететінін айтты.
“Коронавирус – дұрыс жүргізілуді қажет ететін кезеңдік ауру. Вирус “сатылы сипатты” болғандықтан, науқастың жағдайының нашарлау кезеңдері болады. Ең бастысы – бұл күндері дұрыс әрекеттер жасап, қажетті препараттарды қолданып, аппаратқа дұрыс қосу керек. Ал бұл оң нәтиже береді”, – деді Марсель Миннулин.
Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының басшысы Даниал Ахметов Татарстан президенті Рустам Миннихановпен келіссөз жүргізіп, Өскеменге ресейлік дәрігерлер келуі туралы уағдаласқан.
Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырудың 3842 жағдайы ресми түрде тіркелді, ал елімізде олардың жалпы саны 68703.