Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі баспасөз қызметінің қызметкерлері бүгін Астанада салымшылар тұрғын үй сертификаттары бойынша алғашқы қарыз алғандығын айтты.
Қазақ тілі мұғалімі Лаура Баймурзаева Астанада 11,8 млн теңгеге бір бөлмелі пәтер сатып алды. Ол тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотта өз бетінше 2 млн теңге жинақтап, оған 1 млн теңге аударды. Осылайша, педагогтің бастапқы жарнасы 25%-ды құрады. ТҚЖБ оған 15 жылға жылдық 7% ставка бойынша, одан әрі 3,8% төмендейтін, несие берді.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев 2019 жылы Астана әкімдігі мен ТҚЖБ дәрігерлерді, мұғалімдер мен полицейлерді Қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмысты жалғастыратынын айтты. Елордалық билік 2 млрд теңге бөліп, екі мың бюджеттік сала қызметкерлерін тұрғын үй сертификаттарымен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
Сулет: 24.kz