Астанада халыққа қызмет көрсету орталығына келушілердің бірі ғимараттың шатырында қазақстандық ту төңкеріліп ілінгеніне ызаланды.
Бейнежазба жергілікті астаналық Instagram паблигінде пайда болды.
“Бұл Астана қаласы, Мамандандырылған ХҚКО. Мұнда біздің мемлекеттік туымыз төңкеріліп ілінеді. Мен бұдан өткен масқараны көрмеппнм! Олар өздері бұны байқамайды? Мұндай ғимаратта не болып жатқанын көрмей, қалай отыруға болады? Бүгін 2018 жылдың 6 желтоқсаны, ту бірнеше күн бойы ілініп тұр. Су бастауынан бүлінеді, ал балық басынан шіриді”, – деп текке айтылмаған, дейді бейнежазбаның авторы.
“Азаматтарға арналған үкімет” мемкорпорациясының баспасөз қызметінде автордың сөзін растады – жалау керісінше ілінген. Байқаған соң – бірден дұрыс іліп қойды.
“Шынында да, мұндай факт орын алды. Қазір біз байрақты дұрыс ілдік, яғни заңнама талабына сай.
Осы мамандандырылған ХҚКО-ның шаруашылық бөлімі жұмыстан босатуға дейін жауапкершілікке тартылады.
Сондай – ақ, арнайы ХҚКО басшылығы жауапкершілікке тартылады”,-деді “Азаматтарға арналған үкімет” баспасөз қызметінің өкілі.
Бірнеше сағаттан кейін, жалау дұрыс ілініп, қалыпты жағдайда желбіреп тұрды.
Сулет: әлеуметтік желі инстаграм