Алматы тұрғындарын 6 желтоқсан күні таңертең қала көшелерінің бірінде Иосиф Сталиннің ескерткіші таң қалдырды.
Қала тұрғындары бірден ескерткіш алдында суретке түсіп, өздерінің суреттерін әлеуметтік желілерге салған, бұл жергілікті ұлтшылдар тарапынан наразылық тудырды.
Мүсінді Гете көшесі, бұрынғы “Колосс” мәдениет үйінің жанында орнатылған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мүсін түнде орнатылған. 5 желтоқсанда бұл жерде мүсін болмаған.
“Ескерткіш бүгін түнде орнатылды, кеше ол болған жоқ. Тас немесе плиткамен қапталған, қоршалған. Жазуы жоқ, бірақ сыртқы түрі бойынша Иосиф Виссарионович Сталин”, – деді редакцияға суретті жіберген жергілікті тұрғын Вячеслав. Ол өтіп бара жатқан адамдар мүсінді суретке түсіріп, Сталинге ескерткіш орнатылғанына таң қалғанын атап өтті.
Үрейленген азаматтарды тыныштандыру үшін Алматы қаласы, Түрксіб ауданының әкімдігі ескерткіштің уақытша орнатылғанын түсіндірген үндеу жасап, бұл фильмнің декорациясы екенін айтты. “Қазақфильм” киностудиясы шығарған «Эвакуация» фильмінің режиссері Фархад Шәріпов. Фильм 1941 жылғы Алматыдағы эвакуация туралы. пенопластан жасалған ескерткішті 7 желтоқсан күні 12.00-ге дейін .алып кетеді
Сталиннің өлімінен 65 жыл кейін де Иосиф Виссарионович ұлтшылдарға қорқыныш пен үрей тудыруды жалғастыруда.
Сулет: 365info.kz