Молдова олигархы Анатол Стати өзінің ұлы Габриэль Стати екеуіне біздің республикамызға сот шығындары үшін 780 миллион теңге төлеуге тура келеді, себебі Англияның Жоғарғы соты оларды міндеттеді. Бұл туралы Қазақстан Әділет министрлігі хабарлады.
Министрлік ағымдағы жылдың 7 мамырында Англияның Жоғарғы Соты Стати, Bank of New York Mellon және Қазақстан мен Қазақстан Ұлттық Банкі арасындағы соттың қаулысы шығарылғанын хабарлады.
Қаулыда Стати ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін Қазақстанның Ұлттық Банкіне және Қазақстанға сот шығындары үшін 780 миллион теңге төлеуге міндеттелгені айтылған.
Сонымен қатар, қаулыда сот шығындарының қалған бөлігі, мөлшері жүздеген миллион теңгедей, Стати ағымдағы жылдың соңында, одан әрі бағаланғаннан кейін, Қазақстан тарапына төлеуге міндетті деп көрсетілген.
Англияның Жоғарғы сотында қазақстандық тарап Bank of New York Mellon міндеттемелері Қазақстанның қаржы реттегішіне тиесілі екендігіне карсы болған Стати нәтижесінде сәтсіздікке ұшырағанын атап өтті.
Қазақстан Әділет министрлігінде ағымдағы жылдың 22 сәуірінде Англияның Жоғарғы Соты Қазақстанның Ұлттық банкі Статиден түскен талап-арыз бойынша жауапкершілікке тартылмайтынын айтты.