Мамандар, балықтың жаппай өлімін болдырмау үшін, суды жасанды оттегімен байытуда.
Қазіргі уақытта көлдердегі мұз қабатының қалыңдығы 1 метрден асады, ал мұз үстінде күртік қар жатыр. Бұл балықтардың тыныс алуын қиындатады, дейді мамандар. Солтүстік Қазақстан облысында барлығы 2000 астам су қоймасы бар. Мамандар ондағы оттегі деңгейін бақылайды, балықтардың жаппай қырылуына қарсы іс-шаралар жүргізеді. Көлдердің мұзы ерігенше жұмыс жалғасады.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бөлімінің бастығы Қалық Жаров айтып өткендей, жалға алынған су қоймаларында балықтардың жаппай қырылуына қарсы іс-шаралар оларды пайдаланушылардың есебінен жүргізіледі. Резервтік су қоймаларында мұны жергілікті атқарушы органдар жасайды. Бір шұңқырдан басқа шұңқырға су құйылады. Айдау кезінде су оттегіге қаныға түседі.
С
Солтүстік Қазақстан облысында су қоймаларын ауаландыру жүргізілуде, деп хабарлайды “Хабар 24”.
Мамандар, балықтың жаппай өлімін болдырмау үшін, суды жасанды оттегімен байытуда.
Қазіргі уақытта көлдердегі мұз қабатының қалыңдығы 1 метрден асады, ал мұз үстінде күртік қар жатыр. Бұл балықтардың тыныс алуын қиындатады, дейді мамандар. Солтүстік Қазақстан облысында барлығы 2000 астам су қоймасы бар. Мамандар ондағы оттегі деңгейін бақылайды, балықтардың жаппай қырылуына қарсы іс-шаралар жүргізеді. Көлдердің мұзы ерігенше жұмыс жалғасады.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бөлімінің бастығы Қалық Жаров айтып өткендей, жалға алынған су қоймаларында балықтардың жаппай қырылуына қарсы іс-шаралар оларды пайдаланушылардың есебінен жүргізіледі. Резервтік су қоймаларында мұны жергілікті атқарушы органдар жасайды. Бір шұңқырдан басқа шұңқырға су құйылады. Айдау кезінде су оттегіге қаныға түседі.
Сурет: Хабар 24