Алматы облысында полицейлер оқушының өзіне-өзі қол жұмсауын тексеруде. 9-шы сынып оқушысы, Тұғанбай ауылында тұратын Аслан Ғазизов, мектепте болған қақтығыстан кейін сарайда асылып қалды. Қаза тапқан баланың ата-анасы мұғалімді кіналайды. Ол баланы көпшілік алдында қорлап, ұрды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Мектеп оқушысының анасы Бақыт Сейсенбинова былай дейді: оның ұлы өте белсенді болған, әнші болғысы келген, әр мектеп іс-шарасына қатысқан.
Оқушы өз-өзіне қол жұмсаған күні 7 сынып оқушыларымен әжетханада жанжал болғанын айтты. Оқушылар төбелескен. Жанжалға география мұғалімі мен әріптесі араласты.
Оқушының анасының айтуынша, оны ұрды, мұғалім сақинасы оның көзіне тиіп, қанаған, содан кейін тізесінен тұруға мәжбүрлеп, кешірім сұратқан. Бұны қарындасы жылап тұрып көрген. Жылап тұрған балаға мұғалім: “Сенің анаң осында еденді жуады, ал сен тәкапарсың” – деген.
Анасы, ренжіп келген баласымен, тынышталған кезде сөйлесуді ұйғарды. Әкесі 30 минуттан кейін сарайға жұмыс істеуге шыққан баласының асылып тұрғанын анықтады.
Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізгені үшін айыпталушы мұғалім қазіргі уақытта науқас демалысқа шықты.
Асланның туған-туысқандарының айтуынша, мұғалімнің туыстары оны кешіруді сұрап, ақша бергілері келген.
“Өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл жағдай облыстық білім департаментінде бақылауға алынды.
Сурет: online.ru