Солтүстік Қазақстан облысының аумақтық қорғаныс бригадасының командирі Абай Иманов әскерге шақырылушылар қалалық нысандар мен Петропавл көшелерін дезинфекциялауға кіріскенін айтты.
Солтүстік Қазақстанда әскери міндеттілерді әскерге шақыру 14 сәуірде басталып, 3 мамырға дейін жалғасады. Әзірге 39 адам іріктеліп алынды, сонымен қатар еріктілерді тек Петропавлдан ғана жинаған, сондықтан олар тұрғылықты жерінде қызмет етіп, өз үйлерінде түнейді.
“Арнайы әскер қатарына шақырылушылар қала аумағын санитарлық өңдеуге жұмылдырылды. Олардың барлығы Республика Қарулы Күштерінің әскери бөлімдерінде әскери міндетін өтеген еріктілер екенін атап өткім келеді”, – деді бригада командирі.
Дезинфекциялық жұмыстар барысында әскерге шақырылғандар кіреберістерді, балалар мен спорт алаңдарын, домофондарды, орындықтар мен жаяужолдарды арнайы ерітіндімен өңдеуде.
Солтүстік Қазақстанның әкімшілік орталығында дезинфекция коронавирустың таралуына қарсы әрекет ету және қала тұрғындарының өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуде.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 29 оқиғасы расталды. Ал елімізде жұқтырғандардың жалпы саны 1676.