Шымкент қаласының әкімі салық салушылармен кездесуде осындай мәлімдеме жасады. Шымкент республикалық маңызы бар қала мәртебесін алғаннан кейін, үш жыл ішінде республикалық бюджет үшін донор – қала болуға дайын.
2018 жылы қала бюджетіне жоспарланғаннан артық ақша түсті. Болжам бойынша салық аударымдары 73 миллиард теңгені құрауы тиіс болатын, бірақ іс жүзінде 78 миллиард теңгеден артық түскен.
“Шымкенттің республикалық маңызы бар мәртебесін алуына байланысты, алдағы үш жылда дотациялық аймақтан шығып, донор-өңір болу маңызды міндетін алға қойды”, – деп атап өтті қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов.
Бұл үшін бюджеттің тұрақты толықтырылуын қамтамасыз ету қажет.
Шымкент кәсіпкерлері арасында мүлік салығын төлеуден жалтару мақсатында жылжымайтын мүлік объектілерінің бағалау құнының сомасын төмендету кең тараған құбылыс. Мысалы, аяқталмаған жеке үй 42 млн теңге, ал “Имран” сауда үйі 32,8 млн теңге бағаланған. “Баян сұлу” СҮ, “Оптовик”, “Атлант ЮГ”, “Юг сити”, “Изуми” СҮ-нің бағасы жеке үйдің құнынан 2-3 есе төмен.
Осыған байланысты Шымкент басшысы кәсіпкерлерді өз еркімен қосымша есеп тапсыруға және бір ай ішінде салықты төлеуге шақырды.
Сулет: politics.nur.kz