Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Тарих фактілері

ШЫҰ елдері терроризмге қарсы күреске қосымша күш бағыттауды жоспарлап отыр

5 года назад
Страны ШОС планируют направить дополнительные усилия на борьбу с терроризмом

Мәскеуде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының бірлескен отырысы өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ақпарат ресурсы.

Қазақстан тарапынан отырысқа Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қатысты.

Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровтың айтуынша, ШЫҰ елдеріндегі әріптестерімен кездесуде ол терроризмге, есірткі заттарының заңсыз айналымына, трансшекаралық ұйымдасқан қылмысқа және киберқылмысқа қарсы күрес бойынша қосымша шаралар қабылдауды талқылады.

Лавров айтуынша, ШЫҰ мемлекеттерінің барлық бағыттардағы өзара іс-қимылы бойынша мәлімдемелер мақұлданды. Енді олар ұйым елдері президенттерінің бекітуіне беріледі.

Сондай-ақ, Ресейдің Сыртқы істер министрі Мәскеуде өткен бірлескен отырысқа қатысушылар Ауғанстандағы әскери қақтығысты реттеу туралы пікір алмасты. Ауғанстан көптеген жылдар әлем картасында шиеленіс нүктелерінің бірі ретінде ғана емес, сонымен бірге ең ірі есірткі жеткізуші ретінде де танымал.

«Біздің Иранның ядролық бағдарламасын реттеу жөніндегі бірлескен кешенді іс-қимыл жоспарынан АҚШ-тың шығуы төңірегінде қалыптасқан жағдай бойынша бірыңғай ұстанымымыз бар. Біз бәріміз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі бірауыздан мақұлдаған және барлық қатысушылар орындауы тиіс осы маңызды құжатқа адалдығымызды растадық», — деді Сергей Лавров.

Ол сондай-ақ, 2020 жылдың қараша айында ШЫҰ мемлекет басшыларының қатысуымен онлайн-режимде саммит өтетінін, оның күн тәртібіне санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты сақтау мүддесінде ұйым елдері арасындағы одан әрі ынтымақтастықты көздейтін құжат ұсынылатынын айтты.

Сурет: inform.kz

Новости СМИ2
Алдыңғы

Қараша форумы Қазақстан мен Ресейдің интеграциясына айтарлықтай серпін бере алады

Келесі

Ресей компаниясы Қазақстандағы зауыт құрылысына миллион долларлық қаржы салмақ

Ұсынамыз Пост

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды
Тарих фактілері

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды

29/05/2021 17:43

Қазіргі кезде аталған факті бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстары барысында 29 мамырда сағат 00:30-да Өгем өзенінен екі адамның мәйіті табылды. Марқұмның бірі тауда жоғалып кеткен туристер тобының мүшесі, 1999 жылы туған азамат...

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды
Тарих фактілері

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды

29/05/2021 15:12

Шенеуніктер ауыл арасында көгілдір отын құбырын жүргізу үшін тендер жариялағанымен, кейін оны тоқтатып тастаған.   Ақтөбе іргесіндегі Жаңақоныс-4 ауылының тұрғындары жаңадан салынған үйлеріне кіре алмай отыр. Өйткені елдімекенде ішер судан бастап, газ құбыры да жоқ. Ал шенеуніктер болса коммуникация жүйесін...

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды
Тарих фактілері

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды

29/05/2021 10:18

Ведомство өкілдері полковник Асылбек Сатыбалдиновті жақсы жағынан сипаттап, мақтаулы мамандардың бірі ретінде атады. Қорғаныс министрлігіндегі қару-жарақ және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің бастығы полковник Асылбек Сатыбалдинов ұсталды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады. "2021 жылы 28 мамырда құқық қорғау...

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді
Тарих фактілері

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді

28/05/2021 18:41

2019 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын орындарын жою бойынша рейдтік іс-шаралар барысында қаланың әртүрлі аудандарында ойын терминалдары заңсыз жұмыс істейтін 712 сауда орнын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Заңсыз ойын мекемелерін ұйымдастырғаны үшін 80 адам сотталды, 94...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.