Жақында біздің мемлекетімізде парламенттік-мәслихаттық сайлау өтеді. Олардың өтуіне 6 күн қалды. Осы мәселе бойынша алматылық саясаттанушы Замир Қаражанов өз пікірін білдірді.
Ол 2004 жылдан бері бірінші рет конституциялық мерзімде өтетін алдағы сайлау қабілетті партиялық институттар мен тиімді Мәжіліс құруға мүмкіндік беретінін мәлімдеді.
2021 жылғы сайлау туралы айта келе, сарапшы сайлауға қатысатын барлық партиялардың белсенділігін атап өтті. Оның пікірінше, бұл сайлау алды кезеңнің жағымды жағы болып табылады. Сондай-ақ, ол саяси бірлестіктерден үміткерлер құрамын жоғары бағалады.
Қаражанов Президент Тоқаев мәлімдеген саяси реформалар бағыты алдағы сайлауда көрініс табатынын атап өтті.
Парламенттің төменгі палатасындағы депутаттық мандаттар үшін ресми тіркелген бес партия, атап айтқанда Nur Otan, “Ақ жол”, “Ауыл” және “Адал” Халықтық партиясы күресетін болады.
Қазіргі кезде Қазақстанда саяси құрылымдар сайлаушыларды өздерінің сайлау алдындағы бағдарламаларымен және үміткерлерімен таныстыратын үгіт-насихат науқаны өтуде. Конституция бойынша үгіт-насихат сайлауға бір күн қалғанда, яғни 9 қаңтарға дейін жалғасады.
Сурет: tengrinews.kz