Жұма күні Қазақстанда Ресей ОСК төрағасының орынбасары Николай Булаев пен Ресейдің Орталық сайлау комитетінің тағы екі мүшесі болады деп күтілуде. Олар кезектен тыс президенттік сайлауды бақылауға қатысады.
«2019 жылдың 7-10 маусымы аралығында Ресей ОСК төрағасының орынбасары Николай Булаев, Ресей ОСК мүшелері Александр Клюкин және Евгения Орлова 2019 жылдың 9 маусымында өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын бақылау халықаралық бағдарламасына қатысады», — делінген Ресей ОСК сайтында.
Сайлау алдында Николай Булаев, Қазақстан ОСК басшысы Берік Имашевпен кездеседі.
«Сайлау күні Ресей ОСК бақылаушылары сайлау учаскелерінің ашылуына қатысып, дауыс беру барысын, сондай-ақ Нұр — сұлтан қаласының және бірқатар аудан орталықтарының сайлау учаскелерінде дауыс санау рәсімін қадағалайтын болады», — делінген хабарламада.
Ресей ОСК мүшелері 10 маусымда Қазақстан Президенті сайлауының алдын ала қорытындылары бойынша брифингке қатысады.
Сурет: inbusiness.kz




