“Звезда” кеме жасау кешені республикамыздың Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты 80 жылдық мерейтойымен ерекше құттықтауға шешім қабылдады. Ресей кәсіпорнында жаңа танкерді оның құрметіне атауға ниет білдірді. Бұл туралы “Роснефть” мұнай-газ компаниясының баспасөз қызметі хабарлайды.
Компанияның айтуынша, “Звезда” кеме жасау кешенінде Елбасы құрметіне атайтын танкер құрылысы басталды.
Сондай – ақ, “Роснефть” танкердің ұзындығы 250 метр, ал ені-44 метр екенін атап өтті. Бұл Ресейде салынған “Афрамакс” типті алғашқы кемелер болады.
Осы сериядағы басты кеме биылғы жылдың мамыр айында суға жіберілді. Қазіргі уақытта танкер барлық қажетті сынақтардан өтуде. Сонымен қатар, “Звезда” кеме жасау кешенінде осындай тағы бес кеменің құрылысы жүзеге асырылып жатыр.
Бүгінгі күні “Афрамакс” типті кемелер Солтүстік, Қара, Жерорта, Кариб және Шығыс-Қытай теңіздерінде қолданылады.
Сурет: sputniknews.kz