22 сәуірде Қазақстан Орталық сайлаукомы сайлау туралы Конституциялық заңның 55-бабына сәйкес “Ұлы Дала Қырандары” республикалық қозғалысы” республикалық қоғамдық бірлестігі Ел Президенті лауазымына кандидат ретінде Садыбек Түгелдің құжаттарын ұсынды, деп хабарлайды ҚР ОСК сайты.
Түгел келесі құжаттарды тапсырды: “Ұлы дала Қырандары “республикалық қозғалысы” Республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғарғы органы отырысының Қазақстан Республикасының Президенттігіне ұсыну туралы хаттамасынан үзінді, оның президенттікке кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші, өмірбаяндық деректері, ҚР ОСК шотына сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жоғары білімі туралы дипломдардың көшірмелері, мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар.
Түгел мемлекет басшысы лауазымына сайлауға қатысу үшін ҚР ОСК-ға құжаттарын тапсырған бірінші үміткер болды.
Сурет: weproject