Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тежеу туралы айтылды, деп zakon.kz хабарлайды.
Министрлікте хабарлағандай, қазіргі таңда Қазақстан халқының негізгі азық-түлікпен қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта қоймаларда 1,2 миллион тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бар. Бұл сан шамамен жарты жылға жетеді.
Сонымен қатар, елімізде әлеуметтік маңызы бар тауарларды өндіру жалғасуда, ал оларды сауда нүктелері бойынша жеткізу жоспарланған кестеге сәйкес жүзеге асырылады.
Азық-түлік бағасын ұстап тұру туралы айта келе, ауыл шаруашылығы министрлігінде жергілікті атқарушы билік органдары бұл мәселені тұрақты түрде бақылауда ұстайтынын атап өтті.
“Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті нарық субъектілерінің баға келісімдерін қадағалауда”, – деді ауыл шаруашылығы министрлігінде.
Министрлікте атап өткендей, егер комитет азық-түлік бағасының негізсіз өсу жағдайларын байқаса, бизнес субъектілеріне айыппұл салынады.
Сурет: zakon.kz