Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Глеб Щегельский Арал өңірінің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық мәселелерін заңнамалық реттеу тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында, Арал теңізінің құрғаған түбіне 300 мың гектар орман екпелері отырғызылғанын хабарлады.
Ол Арал өңірінде 50 мың гектар жайылымдық жерлер қалпына келтірілгенін атап өтті. Сондай-ақ, депутат алдағы уақытта өңірді тұрақтандыру үшін әлі де көп жұмыс істеу керектігін айтты.
“Теңіз биоресурстарын қолдау мен экологиялық құрамдасқа негізделген кәсіби балық аулауды дамыту, сондай – ақ балық өнеркәсібі циклін қалай құру керектігін ойластыру керек”, – деп толықтырды Щегельский
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін хабарланғандай, өңірде балық аулаудың жылдық көлемі 8 мыңнан астам тоннаны құраған.
Сурет: inform.kz