Факты истории

Солтүстік Қазақстан облысында қызылша ауруы жиілеп кетті

Екі апта ішінде зертханалық расталған қызылша жағдайлары 31-ден 64-ке дейін артты. Көбінесе ересектер аурға ұшыраған.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыста қызылша ауруының 64 жағдайы тіркелген, 14 жасқа дейінгі балалар арасында — 28 жағдай. Бұл ақпаратты Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті растайды.

«Ауру 36 жағдайда ересектер арасында тіркелді, бұл 56%, оның ішінде 7 солтүстікқазақстандық егілген, 28 адамның егілгендігі белгісіз және бір жағдайда вакцинациядан бас тартқан»,-деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қызылшамен сырқаттану көрсеткіші, 100 мың тұрғынға шаққанда, қазіргі уақытта 11,5 құрайды. Бұл соңғы 15 жылдағы орташа көрсеткіштен жоғары (3,0).

Облыста эпидемияға қарсы іс-шаралар кешені жүргізілуде, қызылша ауруын жою және оқшаулау бойынша штаб әзірленді, сондай-ақ медицина қызметкерлері алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек туралы балабақшаларда, мектеп мекемелерінде лекциялар өткізілуде, өңір тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Колл-орталықтың байланыс нөмірі: 8-800-08-08-103, бұл телефон бойынша өтініш білдіргендерге, жоғары білікті эпидемиологтар мен инфекционистер кеңес береді.

Сурет: sputniknews.kz

Ещё в ленте

Все новости