Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) елдерінің ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметі Мемлекет басшысы “Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы”Қазақстан Республикасының Заңына қол қойғанын хабарлады.
Ақпан айында республика Парламентінің Сенаты “Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы”заңды қабылдады.
Осы Келісімге сәйкес тараптар ҰҚШҰ елдерінің ақпараттық қауіпсіздігін одан әрі дамытуды қамтамасыз етуге және ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға міндетті.
Құжатқа ҰҚШҰ мемлекеттерінің басшылары 2017 жылы Беларусь астанасында қол қойды.
Сүрөт: cobweb-security.com